8 life lessons. Part 1

Имам Ғазалидің “Шәкіртке өсиет” кітабынан

  1. Адам баласының бұл өмірде өз жақсы көретін нәрселері бар, оны да біреулер жақсы көреді. Жаратылыстарды бақылай отыра, мен сол жақсы көрген нәрселердің кейбірі адамды өлген сәтіне дейін, ал кейбірі қабірдің шетіне дейін ғана шығарып салатынын түсіндім. Алайда ешқайсысы сол адаммен бірге қабірге кірмейді, тек қана оны жалғыздықта тастап кете береді. Сондықтан мен өзіме жақсы көруге лайық деп игі істерді, жақсы амалдарды түсіндім, өйткені қабірге менімен бірге кіріп, жалғыздығымды бөлісетін тек солар.
  2. Адам баласы өз нәпсісінің қалауына еріп, күнәға батады. Мен Аллаһтың: “Әлдекім Раббысының алдында тұрудан қорқып, өзін нәпсі қалауларынан сақтаған болса, оның барар жері Жәннат болады”- деген сөздерін зерттеп, нәпсіммен күрестім.
  3. Әрбір адам өткінші дүниенің мал-мүлкін жинауға тырысады, алайда Аллаһтың: “Сендерде бар таусылады, ал Аллаһтыкі мәңгі қалады”-деген сөздерін мұқият зерттедім. Қолымда барды кедейлерге тараттым, Аллаһтың алдына барғанда маған пайда беруі үшін.

Жалғасы бар…

One clap, two clap, three clap, forty?

By clapping more or less, you can signal to us which stories really stand out.