8 life-lessons. Part 3. End

6. Мен адамдардың бір-бірімен қандай да бір нәрселер үшін, белгілі себептермен жауласып, жарысатынын көрдім де, Аллаһтың: “Шындығында, шайтан сендерге дұшпан, сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар”(35:6) — деген cөздерін зерделедім. Сосын шайтанмен ғана жауласу керек екендігін түсіндім.

7. Мен әрбір адамның мал табу үшін бар күшін салып, ақыр соңында күмәнді мен харам нәрселерге кіріп, өзінің абыройынан айырылып, масқара болатынын көрдім. “Жер бетінде Аллаһ ризықпен қамтамасыз етпеген бір де бір жан жоқ”(11:6) — деген сөздерді оқып, Аллаһтың мені несібемен Өзі қамтамасыз ететінін түсініп, Оған ғана құлшылық жасадым, басқаларға үміт артудан бас тарттым.

8. Адамдардың әрқандай жаратылған нәрселерге арқа сүйейтінін көрдім. Кейбіреулер дирхем мен динарға, біреулер өз байлығы мен мүлкіне, біреулер өз жұмысына, ал біреулер дәл өзі сияқты жаратылған адамға арқа сүйейді. “Аллаһқа арқа сүйегенге Ол жетіп артылады. Аллаһ Өз ісін аяғына дейін жеткізеді. Аллаһ әр нәрсеге өз мөлшерін берген”(65:3) — деген сөздерді мұқият зерттедім. Сосын тек қана Аллаһқа үміт артатын, арқа сүйейтін болдым, маған Ол жеткілікті, Ол қандай жақсы Қамқоршы!

Соңында Шақиқ айтты: “Аллаһ саған жәрдем етсін, шындығында мен Тәурат, Зәбүр, Інжіл және Құранды зерттедім, олардың барлығы осы 8 нәрседе құрылған”. Соңы.

Like what you read? Give Yerassyl a round of applause.

From a quick cheer to a standing ovation, clap to show how much you enjoyed this story.