Бірінші тапсырма
Қайырлы таң, ханымдар!
Біздің марафон әлемдегі нәзік те ең сұлу жаратылыс — әйелдерге арналады. Біз бөлісетін ақпараттар сіздерге түсінікті және пайдалы болу үшін марафон бағдарламасын бірнеше қадамдарға бөлдік:

1 қадам — тазару:
Өмірге жаңа өзгерістер мен жаңалықтар енгізу үшін бірінші тазалық жұмыстарын жүргізу керектігі айдан анық. Көктемде гүл егерде бірінші жерді жыртып жаңартып алған сияқты, біз де сіздерге мықты мотивация берер алдында ауқымды тазалық жұмыстырын жүргізуді жөн көрдік. Бүгін осы тазару қадамының бірінші күні.
Тапсырма:
ҚОРШАҒАН ОРТАҢЫЗДЫҢ, ҮЙІҢІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ. Бүгін сенбі, көбіңізде демалыс. Үйіңіз, пәтеріңіз, бөлмеңіздің тазалығына мән беріңізші бүгін. Ия, үйімізді күнде жинаймыз, бірақ бүгін Кон Мари тәсілімен жинайық. Бұл тәсілдің жәй жинаудан айырмашылығы: ескі, сізге қуаныш сыйламайтын заттардан құтылып, сізді қуантатын заттарды дұрыс орналастырып, жаңа келер заттарға орын дайындау.
Сіздерге оңай болу үшін жиналу керек заттардың арнайы чек-листын дайындадық. Чек-лист дегеніміз — бұл ыңғайлы тізім, соны қолданып, ешнәрсені назарыңыздан тыс қалдырмай, үйіңізді тазалап шығыңыз. Тізімге қарап отырып жинау керек заттарды ұмытпайсыз.

МИЫҢЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ. Күнделікті адам баласына сапасы мен шыншылдығы күмән тудыратын көптеген информациялар легі келіп түседі. Біле білсеңіз, әдетте ақпаратты адам санасын билеу үшін қолданады. Мардымсыз жаңалықтар, өсектер, жарнамалар біздің назарымызды жаулап алған. Біз бұл процесстреге көп мән бермейміз, бәрі солай жасайды ғой деп, бірақ та осындай бос ақпараттар адам энергиясын ұрлап, себепсізден себепсіз көңіл-күйді түсіріп, апатияға ұшырататынын байқамаймыз.

Миыңызды жаулап алған керек емес ақпараттардан арыламыз: инстаграмдағы қызық емес парақшалардан арылыңыз, whats app, телеграм, фейсбуктағы артық чаттардан шығып, смс-тарды өшіріңіз. Галереядағы суреттерді де саралап қайталанатын, артық суреттерді өшіріңіз. whats app-тан келетін сурет видеоларды телефонның жадына түспейтіндей етіп настройка жасаңыз. Компьютердің бетіндегі рабочий столды реттеп, электрондық поштадағы қажетсіз хаттарды да өшіріңіз.

ТӘНІҢІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ. Күні бойы осыншама тірлік бітірген денеңіз әдемі күтімге лайық, солай емес пе? Өзіңізді бүгін еркелетіңіз, сүйікті гель, скраб, маскаларыңызды қолданып, өз тәніңізге рахат сыйлаңыз. Моншаға баруға болады. Бүгінгі күннің аяғы осындай.
Тапсырма бойынша есеп беру қалай жүзеге асады?
1. Тапсырмадан алған әсеріңіз жайлы өз ойыңызды толық білдіріп, пост жазыңыз (инстаграмда) Инстаграмыңыз болмаған жағдайда, ашуыңыз керек. Парақшаңыз есебіңізді тексеруге ыңғайлы болу үшін, ең болмаса марафон барысында ашық болу керек.
2. Өзіңіз таңдаған кез-келген сурет қойсаңыз болады постыңызға, өз фотоңыз болу шарт емес.
3. Постқа #ӘйелдерОрталығы_марафон хештегін қойып, @almaty.aielder.ortalygy парақшасын белгілеңіз.
4. Жазған постыңыздың сілтемесін кешкі сағат 21–00-ге дейін. ТЕК ЕСЕПТЕР ҮШІН ашылған чатқа саласыз.
5. Инстаграмды қолдану бойынша сұрақтар болса, чатта бір-біріңізден сұрап үйреніп. алсаңыздар болады. Чаттың өз ережелері бар. Мұқият болыңыз.
6. Тапсырма орындалмаған жағдайда, марафоннан ешкім шықпайды, тек орындамаған адам 1000 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Марафон соңында айыппұлдардан жиналған ақша қайырымдылыққа жіберіледі.
Қосымша:
Арнайы инстаграмдағы жабық парақшада тікелей эфир болады. Сол жерде маңызды ақпараттар айтылады. Тапсырма бойынша сұрақтарыңыз болса, сол тікелей эфирде қойсаңыз болады. Эфир Астана уақытымен сағат 11:00-де. Көріп үлгермесеңіз, эфир 24 сағат сақталады.