Кеер токен үшін ойнаудың бірінші айы аяқталғанына орай 1 миллион KEEP сыйақы

Bruskovstanislav
3 min readAug 29, 2020

--

ECDSA стейкингі мен аппараттар тәжірибесіне бағытталған салымдар әділ қазы Заки Манианның бас жүлделеріне ие болды.

Кеер токен үшін ойнаудың алғашқы айы кітаптарға ресми енді және біздің қазы Cosmos өкілі Заки Маниан авторларға 1 000 000 KEEP сыйақы берді.

Аппарат тәжірибелері, github PR және қателіктер туралы есептеріне деген салымдары үшін Данил Ушаков осы айдағы жеңімпаз атанды. Данил 110 000 KEEP көлемінде марапат алып, арман болған «Zaki Prize» сыйлығына ие болды.

«Маған Данилдің жұмыстары ұнайды», — дейді Заки. «Ол ашқан Github мәселелері оның маңызды нәрсеге қатысты ілгек тапқанын және шын мәнінде маңызды мәселе туралы дұрыс ойды білдіретіндігін көрсетеді. Аппараттармен жасалатын тәжірибелер әрқашан керемет».

Басқа жеңімпаздардың қатарында әрқайсысы 100 000 KEEP ұтып алған suprnrdy, mutedtommy, paddyson, Elderorb және axone77 бар.

Олардың салымдары ECDSA стейкингтері мен басқа да көптеген сұрақтарға, соның ішінде техникалық сұраныстар мен аппараттарға тәжірибе жасауға бағытталған. Мамыр айында барлығы 54 қатысушы 1000 KEEP немесе одан көп мөлшерде марапатталды.

Қазіргі уақытта стейкдропқа деген қызығушылық өте жоғары: Кеер токен үшин ойнаудың алғашқы айында 110-нан астам өтініш тіркелген.

Қызығушылық күші маусымда артады

Маусым айында біз келесі қазымыз Спенсер Нунмен бірге Кеер токен үшін ойнауды жалғастырамыз. Осы айдың бағалау көрсеткіштері t-ECDSA клиенттерінің жетістіктері мен келесі аптада Спенсер ұсынатын басқа көрсеткіштерге негізделеді. Бір ай ішінде қатысушылар қол жеткізіліп қойған қарқынға сүйене отырып, KEEP жеңіп ала алады.

Кеер токен үшін ойнау — қоғамға өз үлесін қосып, KEEP токендерін ұтып алуды үйрену мүмкіндігі. Кез келген адам қосылып, табыс таба бастай алады. Бірінші ай нәтижелері көрсеткендей-ақ, біздің дарынды қолдаушылар Keep Network және өсіп келе жатқан қауымдастық үшін шынымен маңызды өмірге өз үлестерін қосады. Біз Keep дамуына оң ықпал ететіндердің барлығы жоба бойында өркендеуін қалаймыз.

Біз осы салымдардың бағалылығын көрсететін сыйақыларды ұсынамыз. Мамырдағыдай, осы айда да ең маңызды салаларда желіге құндылық қосқан жұмыстар 100-ден 100 000-ға дейін KEEP жүлделермен марапатталады. Кеер токен үшін ойнау — бұл қазіргі сәтте алғашқы сатысында тұрған ең қызықты блокчейн жобалардың біріне қатысу жолы. Кеер токен үшін ойнаған кезде сіз осы қызықты жобаның негізгі қатысушылары ретінде таныласыз.

Кеер токен үшін қалай ойнап бастауға болады?

Біздің Discord арнаға қосылыңыз: Кеер токен үшін ойнаудағы ұтысқа қатысу үшін сіз біздің Discord серверге қосылып, кіріспе хабарында кім екендігіңіз туралы қысқаша түсінік беруіңіз керек. Біз барлығымен танысқымыз келеді және келіп түскен өтінішдерді жіберіп алмағанымызға сенімді болғымыз келеді, сондықтан Discord арнамызға қосылыңыз.

Кіру туралы хабарламаны #introduce-yourself жазбасына жіберіңіз, оған мыналар кіреді:

Арнада сізбен байланысуға болатын есім

Сізді Keep немесе tBTC неліктен қызықтырады?

Не істейтіндігіңіз жайлы толық сенімді болмасаңыз, Кеер токен үшін ойнауға жіберетін мазмұн жай идея болуы мүмкін!

Егер сіз бір нәрсе жасап қойсаңыз және оны өтініш ретінде жібергіңіз келсе

Өтініштерге қойылатын талаптар туралы қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады.

tBTC стейкдроп 8 маусымнан басталады.

Кеер токен үшін ойнаумен қатар, tBTC стейкдроп 8 маусымда Crowdcast арқылы тікелей эфирден басталады. Келесі айда біз стейкингке арналған интерактивті тақта мен марапаттар тақтасын қосатын қосымша кезеңдерді ұсынамыз. Ақыр аяғында, стейкдроп ETH иелеріне Keep желісін қорғауға қабілеттілігін дәлелдей отырып, KEEP алуға мүмкіндік береді. tBTC, адамдарға биткоиндермен қауіпсіз ақша табуға мүмкіндік беретін, Keep Network желісінде жасалған алғашқы бағдарлама. Ethereum артықшылықтарын толығымен пайдалану үшін кез-келген адам өз биткоинін сала алады, ал капиталы мен технологиясы бар кез-келген адам көпірді ұйымдастыру мен қолдауы үшін комиссиялық алым ала алады.

Стейкдроп үшін 2020 жылдың 8 маусымында жазылыңыз

Кеер токен үшін ойнау жайлы көбірек білу үшін #tbtc Discord арнасын қарап жүріңіз.

--

--