Кездейсоқтық маңыздылығы: tBTC үшін Keep рөлі

Bruskovstanislav
4 min readAug 29, 2020

--

Халыққа Ethereum платформасында өз биткоиндерімен ақша табуға мүмкіндік беретін алғашқы қосымшаға Keep қосып жатқан үлес

Keep — бұл tBTC үшін үлес қосатын үш жобаның бірі, ол 27 сәуірде басталады және биткоин иегерлеріне орталықтандырылмаған қаржы қосымшаларын алғаш рет пайдалануға мүмкіндік береді. Keep, Summa және Cross-Chain Group желілерінің әрқайсысы пайдаланушыларға биткоин арқылы Ethereum платформасында қауіпсіз ақша табуға мүмкіндік беретін ашық ресурсты жобалардың кем дегенде біреуіне жауап береді. Соның ішінде нақты Keep қосқан үлес — бұл ERC-20 токендері болып табылатын TBTC депозиттеріне қол қоюшыларды таңдайтын кездейсоқ маяк. tBTC үшін Sybil кедергісіне өзіндік жұмыс токені бар жүйе қажет. Қол қоюшылардың өздері де осы Keep желісіндегі үміткерлердің арасынан таңдалады.

Keep құпиялылықты сақтайды

Keep құпиялылық сақтаудағы шешім ретінде жасалған. Нақтырақ айтсақ, Keep маңызды желілік компоненттердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Қол қою топтары ешкім білмейтін кілт арқылы қол қоймаса, жұмыс істей алмайды; бұл кездейсоқ маякқа да қатысты. Keep шешімінің негізіне аздаған деректерді (жеке кілт сияқты) ғана сақтау мүмкіндігі кіреді. Бұл сол деректермен жұмыс жасау үшін іс жүзінде қажет болады. Сол үшін де нақты кездейсоқтық Keep үшін өте маңызды. Пайдаланушының не істеп жатқанын білу үшін барлық тараптар келіспеушіліктер туғыза алады, ал қол қоюшыны таңдау кездейсоқ болған кезде сөз байласу мүмкін болмайды.

ECDSA шегі пайдаланушылардың биткоин қорғанысын «сақтайды» (“keeps”)

Бұл жерде on-chain мен off-chain аражігін білудің маңызы зор. tBTC толығымен on-chain желіде. Алайда Keep, мысалы, кілттер сияқты жеке ақпаратты ECDSA шегін пайдаланатын off-chain арқылы «сақтауларда» (“keeps”) сақтайды — оны криптовалюталар мен биржалар, оның ішінде Binance та тексереді және пайдаланады. Қамалдың ең қауіпсіз бөлігі деп аталатын бұл «сақтаулар» Ethereum тізбегі арқылы байланысқанымен, өздері одан бөлек болады. tBTC ақылды келісімшарттары Keep желісіндегі ақылды келісімшарттармен өзара әрекеттеседі және олар желіден тыс, яғни «off-chain» сақтауларға қатысты.

Keep қолданып отырған тұжырымдамалар жаңа емес. Дегенмен, tBTC аясында Keep ұстанымының жаңа және ерекше мәні — бұл тұжырымдамалардың нақты бір жиынтығы. Идеялар ақылды келісімшарттар айналасына нақтыланған және қауіпсіз түрде жиналады. Дизайн токен иегерлеріне максималды автономия дәрежесін беруге басымдық беретін этикаға негізделген. Мұнда желі емес, иегерлер мен операторлар өздері тәуекелдерін қайда қоюды және оны қалай басқаруды шеше алады. Мұның бәрі сенімгерлікті талап етпейтін ортада жасалады.

Кездейсоқ маяк қол қоюшыларды таңдайды

tBTC сенімділігін қамтамасыз етудің басты тәсілі контрагенттік тәуекелді шешу болып табылады. Ол «қол қоюшылар тобы» жүйесін пайдаланып, tBTC транзакцияларын сенім делдалын ортаға қоспай-ақ өңдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан қол қоюшыларды таңдау tBTC дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Идея мақсаты — қол қоюшылардың кім болатынын ешкім білмейді, ал кездейсоқ маяк таңдағанға дейін қол қоюшылардың өздері де мұны білмейді. Бұл қол қоюшылардың қаражатты ұрлау немесе желіге шабуыл жасау үшін келісе алмайтындығына көз жеткізу үшін қажет, сондықтан маяк ұсынатын кездейсоқтық өте маңызды.

Біз кездейсоқ маякты басқа сенімгерлікті талап етпейтін құрылымдармен салыстыра аламыз, мысалы zk-SNARK. Екі тұжырымдаманы бір мәселені шешуге әртүрлі тәсілдер ұсыну деп қарастыруға болады. zk-SNARK жағдайында пайдаланушы транзакция немесе контрагент туралы мәліметтерді ашпай-ақ, әрекеттің дұрыс аяқталғандығының дәлелдерін көре алады. Түптеп келгенде, zk-SNARK «Мен мынаны жасадым. Мен оны дұрыс істегенімнің дәлелі осы»,- деп айтқандай. Keep кездейсоқ маягы тапсырманы сенімгерлікті талап етпейтіндей қылып аяқтауды қамтамасыз ету үшін кездейсоқтықты пайдаланады. Сөйтіп zk-SNARK тәсілімен салыстырғанда қарама-қарсы бағыттан тиімді түрде жақындайды. Сондықтан Keep «Бұл ақпаратты менің атымнан ешкім біле алмайтындай етіп жасаңыз.», — дейді.

Sybil кедергісі

Қауіпсіздіктің маңызды элементі — sybil кедергісі. Sybil шабуылда қолданушы бірнеше аккаунт жасап, ол аккаунттар желіні басқара алатындай дәрежедегі массаны құрайды. tBTC үшін тиімді sybil кедергісі болу үшін бұл шабуылдардың жағымсыз әсерлері жағымдыдан басым болуы керек. Берілген қол қою тобын бақылауға алып, сол арқылы жүйеге шабуыл жасау өте қымбат тұруы керек.

Keep-те жасалған бірінші қосымша ретінде tBTC бірінші итерациясы Keep sybil кедергіні қамтамасыз ете алмайды деген тұрғыда жасалған, өйткені іске қосу кезінде желіні дамытудың кейінгі кезеңіне қарағанда пайдаланушылар саны аз болады, бұл сәтті шабуылға қажетті ресурстарды азайтады. Алайда Keep желісінің уақытпен жетілуіне қарай, болашақ tBTC нұсқалары tBTC-де жұмыс істеу және пайдалану құнын төмендету үшін жақсартылған sybil кедергісін қолдана алатын деңгейге жетеді.

Keep желісі tBTC аясында сенімгерлікті талап етпеуді енгізуге көмектеседі

Keep командасы шынайы кездейсоқтықты қалай қамтамасыз ету керектігі, сәйкесінше сенімгерлікті қалай талап етпеуге болатыны жайлы көп ойланды. Кездейсоқ маяк әртүрлі пайдалану жағдайларын қарастыратын көптеген қосымшаларға қуат бере алатын қозғалтқыш ретінде жасалған. tBTC қосымшасында пайдаланушылар биткоиндерін депозитте сақтаған кездегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі компонентті ұсынады — бұл жүйеге сенім делдалдарына сүйенбейді, өйткені ортада ондай делдалдар жоқ. Біз жеке өмір мен қаржы құпиялығы адам құқығы деп сенеміз, және tBTC жобасында біз олардың бір-бірін нығайта алатындығын көрсетудеміз.

Жаңартулар үшін tBTC тарату тізіміне қосылыңыз.

Қосымша ақпарат көздері:

--

--