40-тан астам салалық серіктестер Keep және tBTC іске қосылуын қолдайды

Bruskovstanislav
3 min readAug 29, 2020

--

Орталықтандырылмаған қаржы нарығының (DeFi) 75%-ы Keep ресурстар желісінде жүргізілетін ашық ресурсты TBTC-жобасымен интеграцияланған.

Осы салада көш бастап жүрген қырықтан астам серіктестер Keep пен Keep желісінде жұмыс істейтін және адамдарға Ethereum DeFi қосымшаларында биткоинді қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік беретін ашық бастапқы кодты tBTC-жобасын қолдайтындығын Keep командасы қуана хабарлайды.

tBTC-жобасына интеграциялануды жоспарлаған орталықтандырылмаған платформалардың қатарына MakerDAO, Compound және Uniswap кіреді. Бұл компаниялар қаржы орталықтары үшін орталықтандырылмаған нарықтың төрттен үшін қамтиды.

Keep желісін іске қосу дүйсенбі, 27 сәуірде KEEP токені, сондай-ақ барлық кастодиалды және стейкинг келісімшарттарын (custodial and staking contracts) өрбіту арқылы басталды. Кастодиалды серіктестер қатарына Coinbase Custody және Anchorage енеді, ал Bison Trail, Staked, Figment, Stack Capital және Blockdaemon желі стейкерлері болып табылады.

Жүйеге деген сенімділік және оның өтімділігі 8 маусымға дейін өсетін болады, ол уақытта барлығы Keep желісінің «стейкдропы» кезінде tBTC қол қоюшыларына қосыла алады. «Стейкдроп» қатысушылары биткоин мен Ethereum арасындағы өсіп келе жатқан көпірді комиссиялық алым арқылы табыспен нығайта алады.

MakerDAO қоғамдастығының tBTC үшін арнайы жасаған ETH / BTC баға белгілеуі мен tBTC-тің болашақ келісімшартын “ақ тізімге” енгізуі бірауыздан қабылданғаннан кейін іске қосу жүргізілді. Бұл кепілдік биткоиннің көп кепілдендірілген жүйені пайдаланатын MakerDAO желісіндегі DAI жобасына қосылуының үлкен қадамы деуге болады.

Осы уақытқа дейін жарияланған 40-тан астам серіктестіктің ішінде орталықтандырылмаған платформалармен, агрегаторлармен, биржалармен және әмияндармен, сонымен қатар стейктермен, қол қоюшылармен, аудиторлармен және кастодиандармен жұмыс жасайтын интеграциялар бар. Бастапқыда желіде 80-ге жуық стейкерлер болады, олардың ішінде Paradigm, a16z, Fenbushi Capital, Polychain Capital және Draper Associates бар.

tBTC Summa, Cross-Chain Group және Keep компанияларымен жасалды. Биткоин пайдаланушыларының депозиттері контрагенттің тәуекелін азайту үшін «кездейсоқ маяк» арқылы таңдалған қол қоюшылар тобымен қорғалған. Депозиттер құруға және биткоин сатып алуға көмектесу үшін, қол қоюшылардың ETH үлесі, сонымен қатар KEEP нативті KEEP жұмыс токені болуы керек. «Кездейсоқ маяк» 4 мамырда қосылады, содан кейін бір аптадан кейін MakerDAO оракулдерінен алған ETHBTC баға белгілемелерін қолдана отырып, tBTC мейннет іске қосылады.

tBTC қолдана отырып, биткоин иелері өз биткоиндерін кез келген уақытта және кез келген үшінші тараптың рұқсатынсыз ERC-20 типіндегі TBTC токеніне қауіпсіз түрде түрлендіре алады. Бұл биткоин иегерлерінен орталықтандырылған қызметтерді пайдалануды талап ететін қолданыстағы өнімдермен салыстырғанда үлкен қадам. Пайдаланушылар tBTC-ті Ethereum блокчейнінде құрылған көптеген орталықтандырылмаған (DeFi) қосымшаларға қатысу үшін қолдана алады, содан кейін tBTC-ті биткоинге кез-келген уақытта 1: 1 мөлшерлемесімен ауыстыра алады.

Биткоин капитализациясы — барлық блокчейндердің нарықтық капиталдануының үштен екісі. Сондықтан, осы уақытқа дейін бұл үлкен байлық Ethereum блокчейнінде салынған көптеген DeFi жобаларына қол жетімді болмады. tBTC жобасының іске қосылуы дегеніміз биткоин иегерлері DeFi экожүйесіне қол жеткізеді деген сөз.

Төменде бүгінгі күні іске қосу бойынша жарияланған серіктестердің толық тізімі берілген:

tBTC жобасымен интеграция:

  • MakerDAO мен OasisDEX
  • Compound
  • Nuo
  • Set
  • SODA
  • Curve Finance
  • PieDAO
  • Shell Protocol
  • Balancer
  • Staked’s RAY
  • Zerion
  • Alkemi
  • Gitcoin
  • Uniswap
  • Radar Relay
  • Loopring
  • Kyber
  • 1inch
  • DeversiFi
  • Token Terminal
  • Argent
  • Authereum
  • Exodus
  • Wyre

tBTC және Keep желісін дамыту мен қызмет көрсету бойынша серіктестер:

  • Summa
  • TokenSoft
  • Aragon
  • Cross-Chain Group
  • ConsenSys Diligence
  • Trail of Bits

Keep желісінің серіктестері:

  • Coinbase Custody
  • Anchorage
  • Bison Trails
  • Staked
  • Figment Network
  • Stake Capital
  • Blockdaemon
  • Infinity Stones
  • HashQuark

Кез келген адам tBTC қол қоюшысы бола алады. ETH табысын табу үшін KEEP стейкдропқа жазылыңыз.

Кеер токен үшін ойнағыңыз келсе, мейннеттегі адамдар арасында орын тапқыңыз келсе, сонымен қатар әзірлеуші ​​мен стейк-қауымдастыққа енгіңіз келсе, біздің Discord арнамызға қосылыңыз.

--

--