ETH стейкинг арқылы KEEP токендерін жасау жолы

Bruskovstanislav
4 min readAug 29, 2020

--

2020 жылғы 8 маусымға жоспарланған стейкдроп ETH иелеріне Keep желісін қорғауға қатысу арқылы KEEP токендерін табуға мүмкіндік береді. Стейкдропқа осы жерде жазылыңыз.

Осы уақытқа дейін Keep желісі салым ретінде KEEP стейкингілеуге міндетті және желінің ұзақ мерзімді мақсатына сай әрекет етуге мүдделі жандардан (қызметкерлер, кеңесшілер және жеке инвесторлар) құралды және қолдау тапты.

Шын мәнінде тұрақты желі көп нәрсені қажет етеді, ол әр түрлі аймақтардан желіні қорғауға қабілетті токен иегерлерінің кең жиынтығының болуын талап етеді. Осы себептен 8 маусым күні біз қоғамдық KEEP стейкдропты іске қосамыз. Стейкдроп ETH иегерлеріне Keep желісін қорғау қабілетін дәлелдеу арқылы KEEP токендерін табуға мүмкіндік береді.

KEEP токені - бұл жұмыс жасауды талап ететін токен. KEEP үшін керемет аналогия – бұл такси немесе мейрамхана франшизасы – олардың кез-келгеніне иелік ету сізге ақша табуға мүмкіндік береді, дегенмен олардың ешқайсысы сіздің жеке жұмысыңызсыз қаржылық қайтарымға кепілдік бермейді.

Keep желісі кездейсоқ маякты қуаттандыру үшін жаңа Keep-ке қосылуға қажетті кездейсоқ түйіндерді немесе желіден тыс шағын деректер контейнерлерін таңдау арқылы пайдаланушы стейкингілеген KEEP сомасын қолданады. Түйіндер keeps-пен жұмыс жасау барысында Ethereum платформасының қауіпсіз, құпия желісін есептегендері үшін ақы алады.

Кез-келген ETH иегері үшін 6 ай мерзімге стейкингілеу мүмкіндігін ашқан кезде, KEEP токендері стейкингке қатысуға ең лайықты үміткерлер арасында таратылуы мүмкін. ETH стейкерлерінде кездейсоқ маякты іске қосу қауіпті болса да, Keep желісінің негізінде жасалған алғашқы қосымша ETH үшін өте қолайлы.

tBTC – Ethereum желісінде биткоин пайдалану мүмкін болу үшін өзіңіздегі ETH-ді пайдаланыңыз

tBTC үшін ETH стейкингі дегеніміз *авторизация талап етпейтін қол қоюды* білдіреді. Әдетте tBTC қолданушылары KEEP-пен қоса ETH стейкингілеулері керек болатын. Алайда KEEP стейкдроп жоқ адамдарға ETH қолдана отырып жазылушылар ретінде әрекет етуге және уақыт өткен сайын KEEP токендерін алуға мүмкіндік береді. Кез-келген адам өз ETH-ін Ethereum желісіне биткоин әкеліп, KEEP токендерін табу үшін қолдана алады.

Қауымдастық ретінде біз tBTC рұқсатты қажет етпейтін алғашқы өндірістік сайдчейн биткоин етіп жасай аламыз – кез-келген адам өз биткоинін қолдана отырып, Ethereum желісінің артықшылықтарын толығымен пайдалана алады, ал ноу-хау және капиталы бар кез-келген адам стейкингтен ақша тауып, “көпірге” қолдау көрсете алады.

Болашақта tBTC үшін қосымша қауіпсіздік қоры ретінде ETH-ге қойылатын талап азайған сайын, KEEP тапқан жазылушылар аз капитал тәуекелі арқылы көп сыйақы ала алады.

Стейкдропқа 2020 жылдың 8 маусымында қосылыңыз.

Мүмкін Сіз әзірге жай қатысып көріп және біраз KEEP ұтып алғыңыз келетін болар?

Кеер токен үшін ойнаймыз

Стейкдропқа дейін Кеер токен үшін ойнау деп аталатын ынталандырушы сынақ желісін іске қосамыз. Кеер токен үшін ойнау – бұл адамдарға стейкдроптан бұрын стейкингті үйренуге және қауымдастыққа өз үлестерін қосу арқылы KEEP жеңіп алуға беріліп отырған мүмкіндік.

Біз Discord сынақтық желісінде стейкингілеуді жүзеге асырып көру, құжаттаманы жақсарту және бір-бірімізден үйрену үшін жиналамыз.

Кеер токен үшін ойнауды бастау үшін Discord арнаға қосылыңыз

Ойын жалғасып жатқанда, қатысушылардың қосқан үлестері екі аптада бір рет қоғамдық қазылар алқасымен бағаланып, KEEP-ке ие болуға мүмкіндік береді. Үлес «тым аз» деген болмайды, тек желіні қолдауға үлесі тисе болғаны.

Міне, біз көргіміз келетін кейбір жобалар:

Қолдануға ыңғайлы құжаттама. Көптеген адамдарға стейкингте көмектесу

  • Әр түрлі жабдықтарға арналған стейкинг бойынша нұсқаулық жасау
  • Қателер мен қауіпсіздік туралы есеп беру
  • Keep client & contracts және tBTC жүйелерін жетілдіру
  • Құжаттама мен веб-сайттарды аудару
  • Keep таңбаларын басқару тақтасын жетілдіру
  • tBTC депозитін зерттеу
  • tBTC жою аукционы — dApp
  • Tornado Cash-тегі tBTC
  • DEXs-тегі tBTC, әсіресе Loopring сияқты жаңа DEXs
  • tbtc.js негізіндегі tBTC салым виджеті, жаңа әзірлеушілер үшін интеграцияны жеңілдету

Жоғарыда айтылғандардың бәрі керемет болғанымен, бұл, әрине, эксклюзивті тізім емес! Сайып келгенде, қандай үлестің құнды екенін қазылар шешеді. Осы аптада біз қоғамдық қазылар алқасының құрамын жариялаймыз. Алқа екі аптада бір рет жиналып, қандай қатысушыларға KEEP токендерін беру керектігін шешеді. Олар сонымен қатар негізгі желіде толық қатысушы / қол қоюшы ретінде қатысу үшін жеткілікті соманы анықтайды, ол 1000, 10 000 немесе тіпті 100 000 KEEP болуы мүмкін. Әр алқа мүшесі өз шешімін желі үшін жақсы деп санайтын нәрсеге, сондай-ақ өзінің нақты мүдделеріне сүйене отырып қабылдайды.

Кеер токен үшін ойнау tBTC негізгі желісі іске қосылғаннан кейін 27 сәуірден 8 маусымға, стейкдропқа дейін сынақтық желіде жалғасады. Ойын жалғасқан сайын, көбірек қатысушылар негізгі желіге стейкер ретінде қосыла алады.

Біздің ортақ мақсатымыз — әр түрлі аймақтарда желіні қорғайтын токен ұстаушыларының кең тобымен тұрақты желіні қамтамасыз ету. Біз қоғамдастықтың осы мақсатқа жететініне және осы жолда KEEP-ке ие бола алатынына қуаныштымыз.

Кеер токен үшін ойнауға бірге қатысайық!

Жаңартулар алу үшін tBTC тарату тізіміне қосылыңыз.

Қосымша ресурстар:

--

--