Keep желісіндегі стейкдроп дүйсенбіде басталады

Bruskovstanislav
3 min readAug 29, 2020

--

Сізге не қажет болады және не күту керек

tBTC және Keep желісіндегі стейкдроп 8 маусым, дүйсенбіде Crowdcast іс-шарасымен басталады, онда команда ақпаратпен, жаңартулармен және алдағы айлардағы жоспарларымен бөліседі. Сізге дайындық үшін не керек және шараның өзінен не күтуге болатынын айтайық.

Стейкдроп деген не?

Алдымен, кішігірім тарихын айта кетейік. Keep Network желісінің ішкі активі — бұл жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті KEEP деп аталатын токен. Keep желісі tBTC сақтау үшін кастодиандық қызмет ұсынатындықтан, қол қоюшылар әдетте өз функцияларын орындау үшін KEEP және ETH екеуін де стейкинг процесінде салуы керек. Стейкдроп өз кезегінде KEEP жоқ адамдарға tBTC жүйесінде стейкинг үшін тек ETH қолданып қана қол қоюшы ретінде әрекет етулеріне мүмкіндік береді, ал уақыт өте келе тиісті KEEP токендері олардың арасында сыйақы ретінде таратылады.

Стейкдроп KEEP токендерін сыйақы түрінде алу мүмкін болатындай етіп, кез келген ETH иегерлеріне tBTC қол қоюшы ретінде қатысуға мүмкіндік береді. Ол ETH иегерлеріне, KEEP токендері бар-жоқтығына қарамастан, tBTC қол қоюшысы ретінде қатысып, сол үшін сыйақы ала алуларына жағдай жасап береді. Стейкдроп іске қосылғаннан кейін кез-келген ETH иегері Keep түйінін іске қосып, стейкинг процесінде бұғатталған ETH үшін сыйақы ала алады, бұл әлемдегі жетекші екі блокчейннің арасында «көпір» құруға ықпал етеді.

Стейкдроп барлық бөлінген KEEP токендер пайдаланылғанша шамамен 6–12 айға созылады. Осыдан кейін барлық стейкерлер қол қоюшы ретінде әрекет ету үшін KEEP токендерін стейкке салулары керек. Стейкдроп кезінде ETH стейкерлеріне олардың тиімділігіне байланысты KEEP токендері беріледі. Жалпы көлемнен 20% KEEP таратылады.

Бұл қалай жүзеге асырылады?

Стейкдроп 8 маусымда дүйсенбіде Crowdcast платформасында басталады. Crowdcast стриміне қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Содан кейін келесі іс-шараларға қатысу үшін дүйсенбіде логин арқылы кіріңіз:

> Мэтт Луонгодан негізгі сұрақтар бойынша презентация

  • Discord арнаға да қосылғаныңызға көз жеткізіңіз.

> Тікелей эфирде түйінді баптау бойынша қадамдық нұсқаулық бар

  • Қатысушылар тақырыптық сабақтарға және оқу топтарына қатысу үшін “SOS бөлмесіне” оқу кезінде және одан кейін де баруға мүмкіндік алады.

> Қорытынды / Келесі қадамдар

  • Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар алдағы оқиғалар туралы, осы айдың соңында Keep бақылау тақтасының шығарылымы туралы сөйлеседі.
  • Жоспарланған іс-шаралар аяқталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде қатысушылар қосымша көмек алу, іс-шараны талқылау және ой бөлісу мақсатында «zoom бөлмесіне» кіруге мүмкіндік алады.

Стейкдроп тақырыбына қатысты техникалық құжаттарды біздің Github-тан таба аласыз. Алдағы күндері Crowdcast іс-шарасы және стейкдроп бойынша қосымша ақпарат береміз.

Сізге не қажет болады?

Стейкдропқа қатысу үшін сізге ETH сатып алып, оны стейкингілеу қажет. Мұны орындау үшін Ethereum әмиянын пайдалану керек, мысалы, Metamask. Егер сіз Ethereum платформасын қалай қолдану қажеттігімен таныс болмасаңыз, жетекші әмияндарда сізге баптау бойынша көмектесетін нұсқаулық бар. Тестілеу үшін сізге Ropsten желісінде аккаунт қажет.

Сізде Ethereum әмияны пайда болғанда стейкдропқа қатысу үшін қажет ETH сатып ала аласыз. Online іс-шараға қатысу үшін Github сияқты ресурстарды көру үшін Интернетке қол жетімділік, сонымен қатар компьютер мен мәтіндік редактор болуы тиіс. Стейкинг-клиентті орнатқысы келетіндердің компьютерлерінде Docker қондырғысының болуы да шарт.

Дүйсенбіде кездескенше!

Дүйсенбіге жоспарланған Crowdcast іс-шарасы біз осы жылдың көп бөлігінде еңбек еткен айтулы оқиғаның басталуын білдіреді және біз сіздердің көпшілігіңізбен кездесуге үміттіміз. Стейкдропқа қатысу арқылы KEEP токендерін сыйақы ретінде ала отыра, сіз бізге tBTC пайдалануды Ethereum блокчейнінде биткоинді пайдаланудың қауіпсіз әдісі етуге қолғабыс ете аласыз. Соңғы ақпараттар мен жаңартулар үшін іс-шара алдында Discord арнаға қосылуды ұмытып кетпеңіз.

KEEP түріндегі табыс үшін ETH стейкінгке дайын болыңыз!

--

--