Keep Network ұсынған “Keep токен үшін ойнаймыз” ынталандыру тест-желісіне қалай қатысуға болады

Bruskovstanislav
3 min readAug 29, 2020

--

Қауымдастыққа өз үлесіңізді қосу арқылы стейкингілеуді және KEEP токендерді жеңуді үйреніңіз.

Өткен аптада біз “Keep токен үшін ойнау” тест-желісін іске қостық — қауымдастыққа өз үлесін қосып, стейкингілеуді үйренуге және KEEP токендерді жеңуге мүмкіндік.

Кез-келген адам “Keep токен үшін ойнау” жобасына қосылып, тест-желісінде токендерді стейкингілеп, қауымдастыққа өз үлесін қосу арқылы 100–100 000 KEEP көлемінде сыйақы ала алады.

KEEP дегеніміз не? KEEP токен — жұмыс істейтін токен. KEEP токенді таксиге арналған медальон ретінде қарастыруға болады (АҚШ-та такси медалоны такси жүргізушілеріне арналған және оларға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін рұқсат), мұнда иелену сізге токендерді стейкингілеуге және табыс табуға мүмкіндік береді, бұл сіздің жеке жұмысыңызсыз қаржылық қайтарымға кепілдік бермейді. Міне, KEEP токен осылай жұмыс істейді.

Keep токендер үшін қалай ойнауға болады? Бізге желіде де, Discord арнада да жауапты стейкер және қауымдастық мүшесі екеніңізді көрсетіңіз, сонда сіз KEEP токендерді ұтасыз. Ай сайын қауымдастық қазылар алқасы KEEP алуға құқығы бар үлес қосушыларды анықтайды. Аудармадан бастап виджеттер мен нұсқаулықтарға дейін — тым аз үлес деген болмайды, бастысы желінің құндылығын арттыру. Keep токен үшін ойнауға, стейкингтерді талқылауға және бір-бірімізден үйренуге жиналатын негізгі орын — Keep дискорд арнасы.

“Keep токен үшін ойнау” 2020 жылы жалғасады, өйткені біз негізгі желіні іске қосуды және 8 маусымда KEEP токендердің жария стейкдропының басталуы сияқты маңызды кезеңдерден өтеміз.

  • Қазіргі уақытта — “Keep токен үшін ойнау”
  • 27 сәуір — негізгі желіні іске қосу (mainnet)
  • 8 маусым — жария стейкдроптың басталуы

Шын мәнінде, “Keep токен үшін ойнау” бастапқы кезеңінің негізгі бөлігі ETH иелеріне Keep желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін дәлелдеу арқылы KEEP табуға мүмкіндік беретін біздің стейкдропқа дайындық болып табылады. Keep желісі кездейсоқ маяктың (random beacon) өнімділігін арттыру үшін пайдаланушы стейкингілеген KEEP токендерді қолданады, жаңа қоймаларға немесе шағын дербес деректер контейнерлеріне қосылу үшін кездейсоқ түйіндерді таңдайды. Түйіндер үнемі жұмыс істейтіндіктен, олар Ethereum желісінде қауіпсіз, жеке есептеулерді қамтамасыз еткендері үшін ақы алады. Мұнда Keep желісінде түйінді орнату туралы нұсқаулық бар.

2020 жылы не істейсіз?

Енді сіз осы жылы не істеп жатқаныңыз туралы сұраққа жауап бере аласыз: «BTC-ді Ethereum желісіне аудару». Keep желісінің негізінде салынған алғашқы бағдарлама — tBTC. Қауымдастық ретінде, біз tBTC бағдарламасын алғашқы болып жұмыс істейтін жалпыға қол жетімді биткоин сайдчейн жасай аламыз. Кез-келген адам Ethereum артықшылықтарын толық пайдалану үшін BTC депозитін салуына болады, ал капиталы мен ноу-хауы бар кез-келген адам Ethereum мен Bitcoin арасындағы көпірді қолдау арқылы табыс таба алады.

tBTC үшін сенімділікті қамтамасыз етудің негізгі әдісі — контрагенттің тәуекелін жою. Ол әдісте tBTC бағдарламасында транзакцияларды сенімді делдалсыз өңдеуге мүмкіндік беретін «қол қоюшылар (signers)» жүйесін қолданады. tBTC үшін Keep рөлі туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Әдетте tBTC қол қоюшылары KEEP және ETH екеуін де стейкингілеулері керек. Алайда стейкдроптың арқасында KEEP жоқ адамдар уақыт өте келе тапқан тиісті KEEP токендерімен тек ETH қолдана отырып, қол қоюшылар ретінде әрекет ете алады. Әрине, “Keep токен үшін ойнау” кезінде KEEP ұтатын кез-келген адам осы ұтыстарды негізгі желіде стейкингілей алады, сонымен қоса СТЕЙКДРОП кезінде ETH стейкингілеу арқылы көбірек KEEP табуды жалғастыра алады.

2020 жылдың 8 маусымында стейкдропқа қосылыңыз

“Keep токен үшін ойнау” стейкинг жаттығуларын қамтиды. 4 аптаға дейін Ropsten (Ethereum test network) арқылы токен стейкингіліген кез келген адам сыйақы алуға құқылы болады. Төменде Keep желісіне түйінді қалай орнатуға болатындығы және KEEP токен қалай жұмыс істейтіні туралы түсіндірмелер берілген.

Ай сайын қауымдастық қазылары желінің құндылығын арттыратын үлестерді бағалайды. Ойын барысында біздің қазылар туралы көбірек хабарлаймыз. Әзірге, сіз бастай беруге арналған бірнеше идеяларымыз бар:

  • Қолдануға ыңғайлы құжаттама. Көптеген адамдарға стейкингте көмектесу!
  • Қателер мен қауіпсіздік туралы есеп беру
  • Keep клиентіндегі, келісімшарттардағы және tBTC жүйесіндегі жақсартулар
  • Құжаттама мен сайттарды аудару
  • Keep токен құралдар тақтасының кеңейтімдері
  • Әр түрлі жабдықтарға арналған стейкинг бойынша нұсқаулық
  • tBTC депозиттерінің шолушысы
  • tBTC-де жою аукционына арналған орталықтандырылмаған қосымшалар
  • Tornado Cash-тегі tBTC
  • DEX-тегі tBTC, әсіресе Loopring сияқты жаңа DEX
  • tbtc.js негізіндегі tBTC депозит виджеті, жаңа әзірлеушілер үшін интеграцияны жеңілдету

Аударма ретінде көргіміз келеді:

  • tbtc.network мен keep.network-те жасалған i18n нақты коды
  • Біз орыс, қытай, корей, жапон, неміс, итальян, испан, француз, португал, поляк, түрік және кантон тілдеріне аудармаларды көргіміз келеді.

Сондай-ақ, бізде “Keep токен үшін ойнауға” арналған ерекше жағдайлар бар. Бірақ қатысудың ең жақсы тәсілі — Keep Discord арнасына қосылу және 8 маусымда өтетін стейкдропқа жазылу.

Keep токендер үшін бірге ойнайық!

Жаңартуларды алу үшін tBTC тарату тізіміне қосылыңыз.

Қосымша ресурстар:

--

--