IT мамандықтар: фронтенд, мобайл, десктоп

Оқырмандарда IT туралы толық түсінік қалыптасар деген ниетте жазбақпын.

Мұқаммедәли
2 min readMar 17, 2023

Бағдарламалық жасақтама әзірлеу екіге бөлінеді. Сервер жақ және клиент жақ боп. Серверде орындалатын бағдарламалар болады және клиенттің құрылғысында орындалатын бағдарламалар болады. Көбіне клиенттік бағдарламалардың негізгі жұмысы серверге сұраным жасау және қайтқан жауапты клиентке көрсету, ал сервердегі бағдарламалардың жұмысы сұранымға сәйкес белгілі бір бизнес-логиканы орындап, жауап қайтару. Бұл мақалада клиенттік жақты жасайтын мамандықтарға қысқа шолу жасаймыз.

1. Фронтенд әзірлеуші (Front-end Developer)

Не жасайды?
• Сайт, лендиң, веб-қосымша, SPA, PWA, тағы басқа заттарды әзірлейді.

Не қолданады?
• Javascript және оған түрленетін: Typescript, Reason, Purescript, Elm, Clojurescript, т.б.

Сондай-ақ төмендегілер арқылы көп затты кодсыз да жасауға болады:
• webflow
• bubble
• adalo
• squarespace
• tilda т.б.
👆🏻 Бұл құрал-жабдықтар low-code/no-code деп аталады, құрастырмақ десекте болады. Ол не және қашан қолданған жөн.

Жалақылары қандай?
🌎 → 5,000$
🇰🇿 → 1,077$ (1$ = 464 теңге)

2. Мобилді қосымша әзірлеуші (Mobile Developer)

Не жасайды?
Мобилді қосымша, (кейде) wearables-қа (ақылды киілетін құрылғылар, мысалы ақылды қолсағат) қосымша жасайды.

Не қолданады?
• Android-қа — Kotlin, Java, Android SDK, Jetpack Compose, AndroidX
• iOS-ға — Swift, Objective-c, UIKit, SwiftUI
• Екеуіне де — React-Native, Flutter, KMM, Ionic & Capacitor, Apache Cordova

Жалақылары қандай?
🌎 → 4,685$
🇰🇿 → 1,293$ (1$ = 464 теңге)

3. Десктоп қосымша әзірлеуші (Desktop Applications Developer)

Не жасайды?
Desktop/enterprise қосымша жасайды.

Не қолданады?
• Windows-қа — .NET WPF, .NET MAUI (beta)
• Linux-қа — qt, C++ gtk+
• macOS-қа — Swift, Objective-C, macOS SDK, Cocoa, SwiftUI
• Барлық платформаға — Electron, Flutter, qt

Жалақылары қандай?
🌎 → 4,886$
🇰🇿 → мәлімет жоқ

P/S
Жалақылары жайлы ақпарат алынған дерек көзі:

🌎 Stackoverflow Survey
🇰🇿 Kolesa Zerttey

Түпнұсқа: https://t.me/aidarblog/18

Екінші бөлім: medium.com/it-девопс-бәкенд

Instagram: @mukhammedali_muratkhan

--

--

Мұқаммедәли

Пайтін Бәкенд Софтуер Енжінер. Менің жазбаларым ешқандай жұмыс берушіме қатысы жоқ.